Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамаққа уланып қалды

 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху тамақтан улануына байланысты алдағы үш күн бойы үй жағдайында ем қабылдайды. Бұл туралы оның кеңсесі ресми мәлімдеме таратты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 75 жастағы үкімет басшысы жексенбіге қараған түні өзін жайсыз сезініп, медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде ішек жолдарында қабыну бары анықталған. Дәрігерлер уланған тағам ішкен болуы мүмкін деген қорытындыға келген.

Қазіргі таңда Нетаньяху елдің мемлекеттік істерін қашықтан, онлайн режимде жүргізіп отыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Айта кетейік, бұл жағдай Таяу Шығыстағы күрделі геосаяси ахуал мен Израильдің бірнеше бағыттағы әскери және дипломатиялық операциялары жүріп жатқан шақта орын алды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама