
- 02 мау. 2025 18:14
- 35
АСТАНАДА АТОМ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
АСТАНАДА АТОМ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2024 жылдың 29–30 мамыр күндері Астанада ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Комитеттің аумақтық департаменттері басшылары қатысты.
Отырыста 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, департаменттердің қызметі, өңірлердегі жұмыс тиімділігі, өзекті мәселелер және алдағы кезеңге қойылатын басым бағыттар талқыланды.
Комитет төрағасының айтуынша, алқа отырысы тек есеп берумен шектелмей, өңірлік бөлімшелердің ұсыныстарын тыңдауға, стратегиялық бастамаларды ортаға салып, нақты әрекеттерді айқындауға мүмкіндік берді.