
Kazakh tourism
- 09 сәу. 2025 09:18
- 85
Kazakh Tourism-ге бөлінген қаржы 20%-ға қысқарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге «көрпеге қарап көсілуді» ескерткен соң, бірқатар мемлекеттік шығындарға қайта қаралғаны белгілі. Солардың қатарында туризм саласы да бар. Биыл Kazakh Tourism ұлттық компаниясына бөлінетін қаражат 20 пайызға қысқартылған. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтан сұрап білді.
Ұлттық компания төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының айтуынша, биылғы жылы Kazakh Tourism-ге бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға қысқарған. Алайда нақты нәтижелер мен компанияның тиімділігі туралы сұраққа ашық мәлімет берілмеді.
Вице-министр Ержан Еркінбаев Kazakh Tourism-ге бөлінетін бюджеттің соңғы жылдары едәуір қысқарғанын атап өтті. Егер 2019 жылы компанияның шығыны 3,2 млрд теңге болса, биыл бұл сома 1,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл — үш есеге жуық қысқару.
Сала мамандары бұл қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалып жатқанын, ұлттық компанияның туризмді дамытудағы нақты рөлін және инвестициялық қайтарымдылығын сарапқа салып жатыр.
Қоғамда бөлінген 1,2 млрд теңге елге нақты табыс әкеліп отыр ма, әлде бұл да қағаз жүзіндегі бастамалардың бірі болып қала ма?-деген сұрақ туындап отыр.
-
Келес ауданында жасөспірім қыздың жүкті болып қалғаны анықталды. Оқиғаға байланысты 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды.