Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «дискриминант» ұғымын беру, квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу, теңдеу түбірлерінің формуласын үйрету, түбірдің формулаларын пайдаланып, квадрат теңдеуді шеше білуге бейімділіктерін дамыту, алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, топпен бірге ізденуге, тез ойлап, тез корытуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: СТО, сыни тұрғыдан ойлау, Блум таксономиясы, және топтық жұмыс.
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақ көрнекілігі: ұлағатты сөздер, семантикалық карта, жетондар, слаидтар.
Сабақтың ұстанымы:
«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенген заманда – қапы қалып жүрмейік»
Абылай хан

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. «Қызығушылықты ояту» кезеңі
а) семантикалық карта толтыру
IV. «Мағынаны тану» кезеңі
а) тақырыптық түйінді сөздер
ә) жаңа сабақ түсіну «Түртіп алу» стратегиясы
V. Жаңа сабақты бекіту
«Ой толғаныс» стратегиясы
VI. Сергіту (логикалық есеп)
VII. Бағалау
а)(кітап, қоржын, қоқыс шелегі)
ә) топ жетекшілерінің бағаларын талқылап, журналға қою
VIII. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) (класс тазалығын, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
ә) психологиялық дайындық (шаттық шеңберін құру)
Біз тағы да біргеміз
Сөгілмейді іргеміз
Құшып күннің шуағын
Көрісеміз қуанып.

б) «Өз сыңарыңды тап» ойыны (класты екі топқа бөлу)
в) топ басшыларын сайлап, жетон беріп қою.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама