Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
"Ленина 36" атауы халық наразылығынан кейін өзгертіледі

"Ленина 36" атауы халық наразылығынан кейін өзгертіледі

Алматыда жұртшылықтың сынынан кейін "Ленина 36" атты дәмхананың атауы ауыстырылатын болды. Бұл туралы мекеме өкілдері ресми түрде мәлімдеді.

Мекеме басшылығының айтуынша, аталған атау ескі Алматының сәулеттік және мәдени келбетін сипаттау мақсатында таңдалған, алайда жобаны жүзеге асыру барысында ешкімнің сезіміне немесе тарихи танымына нұқсан келтіру ниеті болмағанын айтып, халықтан кешірім сұрады.

– Басты мақсатымыз – Алматының рухын бейнелеу болатын. Алайда атаудың қоғамда кері реакция тудырғанын ескере отырып, жобаның мәнін сақтай отырып атауды өзгертеміз, – делінген дәмхананың хабарламасында.

Жаңа атау жақын күндері жарияланатыны айтылды.

 Бұл жағдай қоғамдық пікірдің кәсіпкерлік жобаларға әсерін көрсетіп отыр. Елімізде кеңестік символдар мен атауларға қатысты көзқарас өзгеріп келе жатқаны байқалады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама