Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 23 нау. 2026 19:30
- 33
«Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір»: Бағлан Әбдірайымовтың жантебірентерлік жазбасы
«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов марқұм досы Нәби Аймұратов туралы жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің сөзінше, досының кеткеніне көп уақыт болса да, оны ұмыта алмай жүргендерін айтады. Нәби Аймұратовтың әндерін естігенде көңілдері босап кететінін жеткізген.
Еске алу
Бағлан Әбдірайымов Қызылордаға барғанда марқұм досының үйіне соғып, ата-анасына сәлем беріп, Құран бағыштап отыратынын айтты. Ол досын «жұлдыз», «жарық» деп сипаттап, уақыттың бәрін өзгертіп жібергенін атап өтті.
«Тіпті кейде еске алмайтын күндер де көбейді. Өмір өтіп жатыр. Жаның жәннатта болсын, досым. Кешір бізді... Өлмейтіндей жүргеніміз үшін кешір», - деп жазды әнші.
-
Kazakh singer Baglan Abdyraymov penned a touching tribute to his late friend and bandmate Naby Aimuratov, reflecting on their shared memories and the passage of time.