Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Орал әкімдігі белсендіге митинг өткізуге рұқсат бермеді

Орал әкімдігі белсендіге митинг өткізуге рұқсат бермеді
Infohub.kz тілшісі хабарлайды

Орал қаласының белсендісі Бекболат Өтебаев 6 шілде күні Ресей агрессиясына, АЭС құрылысына, Қытай экспанциясына қарсы және саяси тұтқындарды босатуды талап етіп бейбіт митинг өткізуге өтініш берген. Алайда қалалық әкімдік өтінішіне теріс жауап беріп, Қазақстандағы «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның 14‑бабы 5‑бөлігіне сілтеме жасады.

Өтебаев Facebook-та:

“Қазақстан билігі рұқсат бермеді. Қаңтар оқиғасынан кейін олар қоғам мәселелерін бейбіт жолмен шешуге мүлде құлықсыз. Айыппұл салып, қамап, шектеулар қойып отыр”,

– деп сын айтты.

Құқық қорғаушылардың пікіріне қарағанда, мұндай шешім сөз бостандығы мен азаматтық белсенділікті шектеу ықтималдығын көрсетеді. Infohub.kz бұл жағдайды әрі қарай бақылауда ұстайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама