
- 30 мау. 2025 18:46
- 27
Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды
— деп хабарлайды Infohub.kz тілшісі.
Әділет саласын басқарған экс-шенеунік Марат Бекетаев ірі көлемде қаржы жымқырды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айыппен 9 жылға сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік таратқан деректерге қарағанда, іс материалдарында алаяқтық, бюджет қаражатын жымқыру және жеке бизнес мүддесін мемлекеттік тетік арқылы қорғауға тырысу әрекеттері әшкереленген.
Бекетаев 2023 жылы ел аумағынан тысқары қашпақ болғанда қолға түскен. Тергеу барысында оның лауазымын жеке пайдасына пайдаланғаны анықталған.
Соттың үкімі күшіне енді.