Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Отан деген – Атамекен ағылшын тілі
Такырыбы: «Отан деген – Атамекен»
Білім беру саласы: Қатынас (Коммуникация)
Бөлімі: «Орыс тілі, Қазақ тілі Ағылшын тілі,»
Кіріктірілген саласы: «Шығармашылық»
Мақсаты:
тәрбиелік: балаларды өзге тілді қызықты, әрі көңілді оқытуға қызығушылықты қалыптастыру; бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, көптілді тұлға тәрбиелеу
білімділік: инновациялық әдістемелерді қолдана отырып, баланың жеке басының интеллектуалдық дамуына педагогикалық жағдай жасау;
дамытушылық: балалардың сөздік қорын кеңейте, тілін дамыту;
Сөзді байланыстырып сөйлеуге үйрету; Диалог түрінде сөйлей білу;
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекілігі: Дидактикалық, иллюстративті материалдар, мультфильм кейіпкерлері
Оқу іс - әрекетінің түрі: Саяхат
Іс - әрекет кезеңдері:
І. Ұйымдастырушылық
- Балалар, келіңдер шаттық шеңберіне тұрып, келген қонақтарымызбен үш тілде амандасып алайық.
Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық!
Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!
Good morning, good morning, (гуд мониң, гуд мониң)
Good morning to you (гуд мониң ту ю)
Good morning, good morning (гуд мониң, гуд мониң)
We are glad to see you! (уй а глэд ту си ю!)
Педагог балалармен амандасады: Good morning, children!
Балалар: Good morning, Teacher!
Балалар, бүгін көңіл - күйлерің қалай?
жақсы.
Осы жақсы көңіл - күйімізді ағылшын тілінде айтып береміз бе?
Ия.
That’s OK. Stand up, please.
Балалар: Hello, hello, How are you?
I’m happy, happy, happy
Hello, hello, How are you?
I’m great, great, great
Hello, hello, How are you?
I’m OK, OK, OK!
Very well. Балалар, біз бүгін «Тілдер патшалығына» саяхат жасаймыз.
Саяхат жасауға дайынбыз ба? – ия
Вы готовы? – да.
Are you ready?
Олай болса, let’s begin our lesson. Саяхатымызды бастамас бұрын сол елдердің туларымен және астанасымен танысып алайық.
Балалар, мына суреттерге назар аударыңдар. Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана қаласы
Біздің туымыздың түсі қандай және туда не бейнеленген?
Тудың түсі көк және туда қыран құс, күн сәулесі, ою - өрнек бейнеленген.
Мынау – Ресей мемлекетінің туы. Ол елдің адамдары орыс тілінде сөйлеседі.
Ресей мемлекетінің астанасы – Мәскеу қаласы. Оны орыс тілінде Москва дейміз.
Балалар «Мәскеу – Москва» сөздерін қайталайды.
Туының түсі қандай екен? Қандай түстер бейнеленген?
Ақ, қызыл, көк түстері бар.
Ал мынау ағылшындар елі - Англия мемлекеті. Ол елдің астанасы – Лондон қаласы. Мұнда адамдар ағылшын тілінде сөйлеседі. Мынау Англия елінің мемлекеттік туы. Балалар «Англия – Лондон» сөздерін қайталайды
Балалар, саяхат жасайтын патшалығымыздың астаналарымен, туыларымен таныс болдық. Енді Астана, Мәскеу және Лондон қалаларының әдемі көшелеріне слайд - шоу арқылы шолу жасайық.
Олай болса, саяхатымызды бастайық.
Балалар, балабақшамыздан алдымен Астана қаласына ұшамыз. Ұшақтың дыбысы шығады.
Міне, Астана қаласына келіп жеттік. Машинамен көшені аралап келе жатып Алдаркөсемен кездеседі. – Мынау кім, балалар? Алдаркөсе:
- Сәлем, достар! Астанаға қош келдіңдер! Балалар, сендер маған Астана және Қазақстан туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Көркіне көз тоймайды қараса,
Ғимараттар бой көтерген таласа.
Сұлу Есіл жағасына салынған
Астананың әсемдігі тамаша. (Гүлсім)
Қазақстан – еліміз бен даламыз,
Біз бақытты балдырғанбыз, баламыз.
Келешегін көркейтіп
Барын салар біз азамат боламыз. (Жанел)
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан үлкен
Қазақстан – туған ел! (Еркеназ)
Алдаркөсе: - Жарайсыңдар, балалар. Рахмет сендерге. Сау болыңдар!
Көшені аралап келе жатып, тау көтерген Толағайға кездеседі. Толағай:
Сәлем, балалар. Маған мына жұмбақтарды шешуге көмектесіңдерші.
Жұмбақтар
Жазда жүрер жапанда, Балды жақсы көреді,
Ал қыс бойы апанда, Ұйықтау оның «қорегі». (А ю – медведь – bear)
Еңбегі оның бағалы,
Жақындасаң шағады. (Ара – пчелы – bee)
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса, аттама. кітап - книга - book
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім
жылқы - лошадь - horse
Тау көтерген Толағай да балалармен қоштасады.
Көшені аралап келе жатып, Дараға кездеседі. Дара:
Сәлем, балалар. Маған мына балапандардың санын анықтап беріңдерші.
Алдында үш балапан,
Артында үш балапан
Ақ тауықтың қасында
Жүр екен қанша балапан?
Тауып көрші, балақан
- Балалар, енді Астанадан Мәскеу қаласына ұшамыз.
- Міне балалар, ұшақпен Ресей мемлекетінің астанасы – Мәскеу қаласына да келіп жеттік. Машинамен көшені аралап келе жатып «Ну, погоди» мультфильмінің кейіпкері Қасқыр мен қоянға кездеседі. Қоян қолындағы телефонымен қоңырау соғады, бір бала барып телефон тұтқасын алады:
- Алло, привет!
- Алло, привет!
- Как дела?
- хорошо спасибо!
- Как тебя зовут?
- Меня зовут -........
- Ты любишь морковь? - Нет.
- А я люблю. Ты любишь шоколад?
- Да. Я люблю шоколад.
- до свидания!
Машинамен көшені аралап келе жатып Маша мен аюға кездеседі. Олар: - Балалар, сендер орыс тілінде қандай тақпақ білесіңдер?.
1. Казахстан – наш дружный дом,
Большой семьей мы в нем живем.
Горжусь, что это Родина моя!
Казахстан – моя земля! (Перизат)
2. Доброе утро, лесам и полям
Доброе утро, всем друзьям
Доброе утро детский сад
Видел друзей, я очень рад. (Әсет)
3. Мы приходим в детский сад
Там игрушки стоят
Паровоз, пароход
Дожидаются ребят. (Нурай)
4. Детский сад, детский сад
Почему так говорять?
Потому что дружно в нем
Мы одной семьей растем
Отого и говорят:
В этом доме детский сад.
Машинамен көшені аралап келе жатып Буратиноға кездеседі. Ол: «Мой пальчик» өлеңін орындап беріңдерші.
Этот пальчик – папа
Этот пальчик – мама,
Этот пальчик – брат,
Этот пальчик – сестра,
Этот пальчик – я
Вот и моя семья. (Айлен, барлық балалар)
Жарайсыңдар. Енді маған мына сандықшалардың түстерді үш тілде айтып беріңдер.
Ақ – белый - white, қара - черный - black, сары - желтый – yellow
қызыл – красный – red, жасыл – зеленый – green
Балалар, Мәскеу қаласынан Лондон қаласына ұшамыз.
Машинамен көшені аралап келе жатып «Көліктер» мультфильміндегі Маккуинге кездеседі. Ол ағылшын тілінде «ABC» әнін айтып беріңдер дейді.
Балалар Маккуинге «ABC» әнін орындап береді.
Микки маус: - сендер ағылшын тілінде қандай тақпақтар білесіңдер?
He is smart
And he is bright
He can read
And he can write (Акерке)
I am boy, A little one
I like to play
I like to run. (Ринат)
One, one, one. Little dogs run
Two, two, two. Cats see you.
Three, three, three. Birds on the tree
Four, four, four. Rats on the floor. (Нурасыл)
My pretty doll,
It’s very small.
I love my pretty. A little doll (нурболат)
Көшені аралап келе жатып Том и Джерри кездеседі. Олар балаларға: бізге ағылшын тілінде аттарыңды жазып беріңдер дейді
Rinat, Nurik, Bikosh, Ailen,
Көшені аралап келе жатып Пандаға кездеседі. Панданың туған күні екен, балалар оған «Happy Birthday» әнін айтып береді.
Happy Birthday to you
Happy Birthday to you
Happy Birthday, dear Panda
Happy Birthday to you!
Балалар, бүгін қай елдерге саяхат жасадық? - Астана, Ресей, Англия
Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті ұнады ма?
Жарайсыңдар, сендер өте жақсы қатыстыңдар. Саяхат жасаған елдердегі ертегі мен мультфильм кейіпкерлеріміз сендерге машинамен сыйлықтарын беріп жіберіпті. Қабыл алыңдар! The lesson is over. Урок окончен. Good bye! До свидания!
Күтілетін нәтиже – Ожидаемый результат:
Қандай түсініктерді игерді:
Ағылшын тілінде айтылған қарапайым нұсқауларды орындайды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Айтылған отбасы мүшелері, ойыншықтар мен заттарды көрсете алады, не атауларын айта алады (өтілген тақырыптар бойынша)
Нені біледі:
Сәлемдесу, қоштасу кезіндегі іс - әрекетпен немесе сөзбен жауап береді;

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасы,
Айтқалиев Өркен Айтқалиұлы
Ағылшын тілі мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама