Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жыл мезгілдері – Seasons
Білім саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері – Seasons»
Өтетін орны: Акт залы
Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың ағылшын тілі арқылы тілін дамыту, балаларға табиғат және оның әсемдігі туралы түсінік бере отырып, табиғатқа қатысты сөздіктермен тіл байлығын байыту, балалармен сұрақ - жауап арқылы диалог орнату. Балаларға тақпақтар мен әндер айтқызып, олардың ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Балаларды ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.
Алдын - ала жұмыс: әңгімелеу, суреттермен жұмыс
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтамен жұмыс, ғажайып, сергіту сәттері.
Көрнекі құралдар: Компьютер, интерактивті тақта (флипчарт сабақ),
жыл мезгілдерінің суреттері
Үштілділік компоненттері
Күз – осень – autumn
Қыс - зима - winter
Көктем - весна - spring
Жаз - лето - summer
Қызыл - красный - red
Көк – синий - blue
Сары – желтый - yellow
Жасыл - зеленый - green
Қара - черный - black
Ақ - белый - white
Аққала - снеговик - snowflake
Қар – снег - snow
Гүл – цветы - flower
Алма - яблоко - apple
Organization moment - Greeting – Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгін менің көңіл - күйім тамаша, ал көңіл - күйі көтеріңкі адамның қолынан барлығы да келеді. Сондықтан мен осы тамаша көңіл - күйімді сендермен және де келген қонақтарымызбен бөліскім келіп тұр. Ол үшін балалар, орнымыздан тұрып, қонақтарымызбен амандасайық. Stand up!
- Good morning, children!
- Good morning, teacher!
- Good morning,
Good morning,
Good morning to you
Good morning, Good morning,
We are glad to see you, dear guests!
- Thank you, sit down, please.
- Let’s begin our lesson. Балалар, біз бүгін «Жыл мезгілдері – S e a s o n s» тоқталатын боламыз.
- Дайынбыз ба, балалар? Are you ready? – Yes!
- How many seasons in the year? Бір жылда қанша мезгіл болады?
- Four. Төрт мезгіл.
- Дұрыс. Ендеше, жыл мезгілдерін атайықшы: Қыс, Көктем, Жаз және Күз.
- Балалар, барлығың тақтаға назар аударыңдар. Тақтада 4 мезгіл сандардың артында жасырынған. Сандарды ағылшын тілінде айтып беру арқылы мезгілдерді анықтайтын боламыз. Бір санын ағылшынша қалай айтамыз?
- One. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Қыс мезгілі. Оны қалай білдіңдер? Қыстың қандай ерекшеліктері бар?
- Күн аязды, боранды, суық болады. Адамдар қалың киімдерін киеді.
- Қыста не жауады? – Қар.
- Қардан балалар не жасайды? – Аққала.
- Дұрыс. Енді осы қыс мезгілін, аққаланы және қарды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Қыз мезгілін ағылшынша winter, аққаланы - snowflake, қарды – snow деп айтады. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: winter, snowflake, snow.
- Келесі қандай сан? – Екі саны.
- Екі санын ағылшынша қалай айтамыз?
- Two. Дұрыс. Енді мына суретке қараңдар. Мынау жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Көктем мезгілі.
- Дұрыс. Қыстан кейін көктем мезгілі келеді. Оны қалай білдің дер? Көктемнің қандай ерекшеліктері болады?
- Бұл кезде күн жылынып, қар еріп кетеді. Айнала әдемі гүлдерге толады. Жаңбыр көп жауады. Ал жаңбырда қолымызға не нәрсе ұстаймыз? – Қолшатыр.
- Жарайсыңдар. Енді көктемді, гүлді және қолшатырды ағылшын тілінде айтып үйренейік. Кәне, бәріміз бірге қайталайық. Repeat after me: көктем - spring, гүл - flower, қолшатыр - umbrella.
- That’s OK. Келесі қандай сан? – Үш саны.
- Үш санын ағылшынша қалай айтамыз?
- Three. Дұрыс. Енді мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Жаз.
- Жаздың қандай ерекшеліктер болады?
- Жазда күннің көзі жарқырап жайма шуақ болады.
- Жазда доппен ойнаймыз ба? – Ия.
- Ендеше, балалар, жазды, күнді және допты ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. жаз - summer, күн - sun, допты - ball.
- Келесі қандай сан? – Төрт саны.
Төрт санын ағылшынша қалай айтамыз?
- Four. Дұрыс. Олай болса, мына суреттен қай мезгілді байқап отырсыңдар? - Күз
- Күзде күн қандай болады? Балалардың жауабы.
- Тағы қандай ерекшеліктері бар?
- Жеміс - жидектер піседі?
- Біз қандай жемістерді білеміз? Атайықшы.
- Алма, шие, бана, алмұрт, апельсин, ананас.
- Дұрыс. Олай болса, күзді, алманы және жүзімді ағылшын тілінде айтып үйренейік. Repeat after me. Алма - apple, күз - autumn, жүзім - grape
- Жарайсыңдар, балалар.
Сергіту сәті
- Балалар, бойымызды бір сергітіп аламыз ба? – Ия.
- Олай болса, орнымыздан тұрайық. Stand up, please.
Hello! Hello!
How are you? How are you?
I am happy! I am happy!
Hello! Hello!
How are you? How are you?
I am fine! I am fine!
That’s OK. Sit down, please.
Ғажайып сәт «4 мезгіл ханшайымдары»
Есік қағылады. Ішке «Қыс ханшайымы» кіреді.
– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Қыс ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Қыс ханшайымы! Welcome to, Snow Prince!
Қыс ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Кім маған қыс туралы тақпақтар айтып береді?
1 бала: -------- 2 бала:
Snow is falling ------------- Spring is green
From the sky --------- Summer is bright
Snow is falling ----------- Autumn is yellow
Let’s make snowflake ----------------- Winter is white
Қ. х: - Балалар, маған тақпақтарың ұнады. Рахмет сендерге.
- Қыс ханшайымы, Сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Көктем ханшайымы» кіреді)
– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Көктем ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Көктем ханшайымы! Welcome to, Spring Prince!
Көктем ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған гүл мен қолшатырды ағылшын тілінде айтып беріңдерші және оларды компьтерден көрсетіңдер.
- гүл - flower, қолшатыр - umbrella (оларды компьютер көрсетеді)
- Жарайсыңдар, балалар! Рахмет сендерге!
«Көктем ханшайымы», сізге де рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Жаз ханшайымы» кіреді)
– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Жаз ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Жаз ханшайымы! Welcome to, Summer Prince!
Жаз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған барлық түстерді қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде айтып беріңдерші. Балалардың жауабы:
- Көк – синий - blue
- Сары – желтый - yellow
- Жасыл - зеленый - green
- Қара - черный - black
- Ақ - белый - white
- Жапайсыңдар, балалар. Келесі тапсырмам – допты және күнді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьтерден көрсетіңдер. Тапсырма орындалады.
- Дұрыс таптыңдар. Рахмет сендерге.
Жаз ханшайымы, Сізге де көп рахмет! Қадірменді қонағымыз болып, жайғасып отырыңыз
(Тағы да есік қағылады. Ішке «Күз ханшайымы» кіреді.)
– Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? - «Күз ханшайымы!»
Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Welcome to, Autumn Prince!
Күз ханшайымы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге тапсырмаларымды ала келдім. Маған жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып беріңдерші. Алма мен жүзімді ағылшын тілінде айтып беріңдер және оларды компьютерден көрсетіңдер. Балалардың жауабы: Алма - apple, жүзім - grape
Күз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы орындап шықтыңдар! Мен сендерге күзде пісетін алмаларды сыйлыққа алып келдім. (Таратып береді).
Қорытынды:
- Сонымен балалар, біз бүгін немен таныстық? – Жыл мезгілдерімен
- Балалар, біздерге қонаққа кімдер келді?
- Қандай тапсырмалар сендерге ерекше ұнады?
- Бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерің қандай?
- Жарайсыңдар, балалар. Сонымен ашық оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасайық.
- Good bye, teachers!
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: ағылшын тілінде жыл мезгілдерінің атауларын, ауа - райын, жыл мезгілдеріне байланысты түстерді;
Түсінеді: жаңа сөздердің ағылшын және орыс тілінде айтылуын;
Қолданады: шыншыл, қамқор болуға дағдылану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасы,
Айтқалиев Өркен Айтқалиұлы
Ағылшын тілі мұғалімі

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама