Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті

 Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті,-деп хабарлайды Инфохаб

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Тарғап ауылы маңында EC-145 маркалы әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Төтенше жағдай Луговойдан ұшып шыққан әуе көлігінің Отар ауданында байланысы үзілуінен кейін анықталған.

Тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Оқиғаға қатысты ақпаратты Қорғаныс министрлігінің Әскери-әуе күштері ресми түрде растады.

Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тікұшақтың нақты қай жерде жоғалғаны белгісіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама