
- 22 шіл. 2025 15:27
- 26
Перизат Қайратқа 10 жыл түрме жазасы сұралды
Астанада өтіп жатқан атышулы сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Ғайни Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Прокурор Арман Кезекен олардың мүлкін тәркілеуді және Перизатқа 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салуды талап етті.
Айыпталушыларға ҚР ҚК-нің 190-бабы (аса ірі көлемде алаяқтық) және 218-бабы (ақша жылыстату) бойынша айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушылар бұл істе жеңілдететін мән-жай жоқ екенін атап өтті.
Сотта прокурорлар жымқырылған 3,5 млрд теңгеге сатып алынған мүлікті тәркілеуді және оны сатып, жәбірленушілерге өтемақы төлеуді ұсынды.
Сот процесі әлі жалғасып жатыр. Келесі отырыс ертең өтеді.