
- 16 шіл. 2025 14:49
- 31
Перизат Қайраттың ісі: НЗМ ата-аналары да жәбірленуші ретінде танылды
Перизат Қайраттың ісі: НЗМ ата-аналары да жәбірленуші ретінде танылды
Қайырымдылыққа деп аударған 900 мың теңгеден астам қаржы ұстаздың еміне жұмсалуы тиіс еді
Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста жәбірленушілер қатарында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларының ата-аналары да бар екені белгілі болды.
2024 жылдың көктемінде НЗМ ата-аналар комитеті тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде 901 855 теңге жинап, Перизат Қайрат басқаратын «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының шотына аударған. Комитет өкілінің айтуынша, әлеуметтік желідегі қор жайлы ақпарат пен жарнамасы сенімді әрі ресми сипатта болғандықтан, олар алаңсыз қаражат жіберген.
Алайда кейінірек қорға аударылған қаржының қайда жұмсалғаны белгісіз болып, ата-аналар өз қаражатының қайтарылуын талап ете бастады. Олардың сөзінше, бұл сома НЗМ-де денсаулығы сыр берген бір ұстаздың еміне жұмсалуы тиіс еді.
Қазіргі таңда Перизат Қайраттың қоры арқылы жиналған жүздеген миллион теңгенің басым бөлігі жеке мақсаттарға жұмсалғаны тергеу барысында анықталған. Сот ісі жалғасып жатыр.
-
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың ірі көлемде пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Қылмыстық іске «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Б...