Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Прокурор Алматы әуежайында кепілге алу оқиғасына қатысты 10 жыл 6 ай жаза сұрады

Прокурор Алматы әуежайында кепілге алу оқиғасына қатысты 10 жыл 6 ай жаза сұрады
Ботагөз Мұхтарова: «Ол пышақ шығарып, әуежайды жарып жіберемін деді»

Алматы қаласында әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты қылмыстық істі қарау барысында соттағы жарыссөз кезеңі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот отырысында жәбірленуші, әуежай қызметкері Ботагөз Мұхтарова оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, Баратов кенеттен оң жақ қалтасынан пышақ шығарып, айналасындағыларды қорқыта бастаған.

— Мен айқайлап, әріптестерімнен көмек сұрадым. Ол «жақындамаңдар, әуежайды жарып жіберемін» деп қоқан-лоқы көрсетті, — деді жәбірленуші.

Айыпталушы пышақ көрсеткенін мойындағанымен, неліктен жарылыс жайлы айтып қорқытқанын түсіндіре алмады.

Еске салсақ, бұл оқиға кезінде қызметкерді құтқаруға белсенді қатысқан азаматты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған.

Қоғамда резонанс тудырған бұл іс бойынша сот шешімі жақын күндері жария етіледі деп күтілуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама