Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Қазақстан мен Италия кеңейтілген форматта ынтымақтастықты талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуге қос елдің ресми делегациялары қатысты.

Президент Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті ерекше атап өтіп, екіжақты қарым-қатынас өзара құрметке, сенімге және ортақ мүддеге негізделгенін жеткізді. Оның айтуынша, соңғы 20 жылда Италия Қазақстан экономикасына 7,6 миллиард доллар көлемінде инвестиция салған.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ENI, SDF Group, PetroValves, Maire Tecnimont және Ballestra сияқты ірі италиялық компаниялардың табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда жалпы саны 270-ке жуық италиялық кәсіпорын белсенді қызмет атқаруда.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өнеркәсіп, энергетика, экология, агроөнеркәсіп секторы мен цифрлық трансформация салаларындағы әріптестікті кеңейту мәселелері сөз болды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама