
- 19 мам. 2025 08:15
- 22
Қызылордада құлаған АН-2 ұшағының экипажы аман-есен табылды
Қызылорда облысында «Таң–Құмкөл» бағыты бойынша ұшып шыққан АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонуға мәжбүр болып, байланыс үзілген еді. Ұшақ бортында 3 адам болған.
Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Полиция департаменті және «Қазавиақұтқару» мекемесінің тікұшағы жұмылдырылды. 8 сағатқа созылған іздестіру нәтижесінде ұшақ экипажы айдалада аман-есен табылып, Тереңөзек кентіне жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.