
- 07 шіл. 2025 14:51
- 31
Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті – Санжар Тәшкенбай чемпион атанды
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Санжар Тәшкенбай кезекті жекпе-жегінде тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол филиппиндік Джей Брайан Барикуатроны айқын басымдықпен жеңіп, қарсыласын нокдаунға түсірді.
Санжар жекпе-жек басынан бастап шабуылға көшіп, сенімді қимылдады. Жоғары жылдамдық пен дәл соққылардың арқасында ол қарсыласын толық бақылауда ұстап отырды. Бірінші раундта-ақ Барикуатроның осал тұсын тауып, оны нокдаунға түсірген Тәшкенбай кездесудің тағдырын ерте шешті.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін алтыншы алтын медаль болып тіркелді. Жас боксшының бұл табысы ел спортының жаңа буынының әлеуетін тағы бір дәлелдеп отыр.
Санжар Тәшкенбай – бұрыннан ел үмітін ақтап жүрген талантты спортшылардың бірі. Ол өз шеберлігін тағы да дәлелдеп, үлкен додаларға дайын екендігін көрсетті.