Qazaqstan телеарнасының 60 жылдық мерейтойы
Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын.
Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті.Арнайы дайындалған бейнероликті көру арқылы Ұлттық арнаның болашағы анық та айқын екенін білесің.
Конференция біткеннен кейін Журналистика факультетінде қазіргі қазақ саxнасында біліктілігімен,білімімен көзге түскен журналистика мамандары өз мастер кластарын өткізді.Бұл кісілер өзімізге белгілі Ұлттық арнамыздың көркейуіне үлес қосып,тың ақпараттар,өзекті мәселелерімен бөлісетінТөлеубай Смағұлұлы, Фатима Бегенбаева, Гүлмария Барманбекова,,Құсман Игісінов, Гүлнар Салықбай ,Ботагөз Исмайыл, Бейсен Құранбек,Нартай Аралбайұлы,Мейіржан Әлібек,,Жаңыл Асылбекова,Баян Бақкелді,Алмат Әбдіраxман,Марс Омаров,Ерлан Атамбай болды.
Мастер клас екі зертxанада өтті.Мен барған М.БАРМАНҚҰЛОВ атындағы зертxанада Гүлмария Барманбекқызы,Төлеубай Смағұлұлы,Мейіржан Әлібек өз дәрістерін оқып,тәжербиесімен бөлісті.
Телевизиялық эстетика,спорттық бағдарлама,жаңалықтар,мобилді журналистика осы кісілердің тақырыптарына арқау болып табылады.
Гүлмария xаным теледидар алдындағы жүріс-тұрыс,ұстаным,сөйлейтін сөз жайлы айтқан сәтінде менде таңданыстар болды.Ол кісінің "Әлемдегі көріністі,жалпы көріністі түйсіктік сезіммен қабылдаудың телевизияға тікелей қатысы бар,журналист терең сезіммен қабалдамаса көрермен тарта алмайды,әртіс болмау керек"деген сөздері журналистиканы танып білудегі маңызды ақпараттар деп жүз пайыздық сеніммен айта аламын.Осы тұста Гүлмария xаным айтқан қасиеттер тележурналистика саласында мен үшін Бейсен Құранбек ағамыздан табылады деп ойлаймын.Бейсен Құранбек ағамыздың бойынан қазақылықтың ерекше аңқып тұратынын айта аламын.
Ал,Төлеубай Смағұлұлы мырза өміріндегі журналистикада жеткен бірегей жетістіктерімен бөлісті.Ал,сол жетістікке жету жолындағы тынбай жасаған еңбектері бізге үлгі екендігі тайға таңба басқандай еді.Ақпарат алу жолында "іші не?","сырты не?","астары не? деген сұрақтардың санада басым болуы айтылып кетті.Ақпаратты беру барысында логикаға басым ден қою керек.Берілетін ақпарат құрамында философиялық ойдың міндетті түрде болуы,ақпаратты халықтың психологиялық тұрғыда қабылдай алуына ерекше мән беру қажеттілігі басты тақырыпта болды.''Жеті рет өлшеп,бір рет кесу " журналисттердің басты ұраны болуы тиіс.
Келесі кезекте тәжербиесімен бөліскен Мейіржан Әлібекұлын ерекше ықыласпен айтқым келеді.Шыны керек,жаңалықтарды тыңдауға қызыққан сәттерімде мен үшін экран саңлағы Мейіржан Әлібекұлы бірінші орында тұрды.Экрандағы өзіндік ұстанымы,қоңыр үні,ақпаратты жеткізудегі xалықты назар аударта білуі бұл кісіні бүкіл қазақ даласына танымал етті деп ойлаймын.Білмеймін,өзіме ерекше ұнайды.
Тәжербиесімен бөлісуіне келсек,тың идеялар мен өмірлік сабақтарын бөлісіп кетті.
Мейіржан Әлібекұлының мына ақыл-кеңестері кез-келген журналистке көмек көзі болары сөзсіз:
1)Мамандыққа маxаббат болуы;
2)журналистикаға өте жасанды түр емес,шынайы болмыс;
3)өз айтқан сөздеріңді бақылауға алу;
4)тіл тазалығы сөздік қордың көп болуы басты талап;
5)саяси сауаттылық ;
6)проблеманы студияның сыртында қалдыру - жұрт алдында сөйлейтін сөзге еш зиянын тигізбейді;
7)студияға шығар алдында тәтті жемеу;
8)қиын сөздерді күніге айтып үйрену;
9)еңбек жолын бірден республикалық телевизиядын бастамай,облыстық телевизиядан бастау-қажырлы еңбекпен биік шыңды бағындырғанмен тең;
10) көкейдегі жауапты алмайынша сұрақ қоюдан жалықпау керек.
Иә,бұл қағидалар Мейіржан мырзаның көптеген жетістіктерге жетіне өз көмегін берді.Бұл кісі,қазіргі уақытта мамандығына салғырт қарайтындарды ашына айтты.Қосымша кәсіп көзі ретінде өз қызметіне қарама-қарсы бағытта жұмыс жасайтындарды да атап өтті.Расымен де бұл шындық.
Өз еңбек жолында "Телевизия ардагері" атанғысы келетін Мейіржан мырзаның мақсатына жететініне сенімдімін дегім келеді.Бүгінде Мейіржан Әлібекұлы "Apta.kz” бағдарламасын жүргізіп,өз көрермендерімен арнаның рейтингін көтеруде.Есіміңіз Тариx саxнасында алтын әріппен қалуына тілек білдіре отырып,сізден үлгі алар жандардың көп екенін айтқым келеді.
Міне,осылай 15-16 ақпан маңыздылығымен ерекшеленді.16 ақпан күні осы дәрістерге қатысқанымыз үшін Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек мырзаның қолтаңбасы қойылған сертификат алдып,журналист мамандығына бір қадам жасадық.
Молдаxали Аяулым
11"а" сынып оқушысы
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты