
- 04 мау. 2025 10:57
- 42
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30%-ға арзандауы мүмкін
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, министрлік дәрі-дәрмек бағасын қалыптастыру моделіне өзгеріс енгізіп, шекті бағаларға қосылатын бірқатар үстеме төлемдерді — соның ішінде маркетинг, көлік және кеден шығындарын — алып тастаған.
«Қазіргі уақытта жаңа модельді сынақтан өткізу үшін фармацевтикалық қауымдастықпен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. МӘМС аясында дәрілер құны шамамен 19%-ға, ал көтерме және бөлшек саудада 30%-ға дейін төмендейді деп күтіп отырмыз», – деді вице-министр.
Бұл өзгерістер халықтың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін арттырып, фармацевтикалық нарықты реттеуге бағытталған.