
- 21 мау. 2025 10:10
- 20
Қазақстанда жыл сайын 45 мыңға жуық адам инсультке ұшырайды
Қазақстанда жыл сайын 45 мыңға жуық адам инсультке ұшырайды, оның ішінде әрбір үшіншісі ажал құшады. Дерттің бұл статистикасы медицина мамандарын алаңдатып отыр. Бұрын инсульт тек егде жастағыларға тән ауру саналса, бүгінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында да тіркелуі үрей тудырады.
Ақ халаттылардың айтуынша, бұл жағдайға бірнеше фактор себеп. Атап айтқанда – энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну, темекі мен вейпке тәуелділік, сондай-ақ туа біткен тамыр патологиялары.
Мамандар әсіресе 45 жастан асқандардың қауіп тобына кіретінін ескертіп, дер кезінде тексеріліп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Инсульт – ескерусіз қалдыруға болмайтын дерт. Оның алдын алу – әр адамның өз қолында. Ал дәрігерлер қазіргі таңдағы ең басты қорған – ақпараттылық пен өмір салты екенін алға тартады.