
- 06 там. 2025 23:03
- 104
Ақтауда ерлікпен қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді
Ақтауда ерлікпен қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді
26 шілдеде Каспий теңізінде адамдарды құтқару кезінде қайтыс болған Ерлан Шонтабаевтың отбасына жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.
Марқұм суға шомылуға тыйым салынған аумақта теңізге ағып бара жатқан екі қызды аман алып қалған. Алайда үшінші ер адамды құтқаруға ұмтылғанда, қатты толқынның салдарынан өзі жағаға қайта шыға алмай, көз жұмды.
Ерлігімен ел есінде қалған азаматтың артында отбасы қалған еді. Жергілікті әкімдік батырдың отбасына материалдық көмек көрсетіп, жаңа баспана берді.
Марқұмның ерлігі жұртшылықтың жүрегін тебірентіп, әлеуметтік желіде қолдау мен алғыс пікірлер қарша жауған еді.
-
Елімізде жоғары білім сапасына қатысты кең ауқымды қоғамдық сауалнама басталды. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы қолға алды. Негізгі мақсат – жоғары оқу орындарыны...