Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Қонаевта демалыс базасында 11 жастағы баланы ток соғып мерт қылды

Алматы облысы, Қонаев қаласындағы демалыс базалардың бірінде 11 жастағы баланы ток соғып, көз жұмды. Қайғылы жағдайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жағажай маңында электр сымдары салбырап тұрған, ал демалыс орнының әкімшілігі бұл мәселе жайлы бұрыннан хабардар болған. "Осы жерде бұған дейін мал да токқа түсіп өлген, бірақ ешқандай шара қолданылмады", – дейді баланың әпкесі.

«Інімнің баласы барханға ойнауға барған. Сым аспан түстес болып, байқалмай қалған. Ток ұрып өлтірді. Әжеміздің айқайына жүгіріп келген қызды да ток соқты. Оның денесі күйіп қалды. Тағы бір жігіт те токқа түскен», – деп жазды туысы.

Қонаев әкімдігінің мәліметінше, электр желілері жеке меншікке тиесілі болған. Қайғылы оқиғадан кейін тіректер жағажайдан алыстатылған.

Қазір оқиға бойынша тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, ал туыстары демалыс базасының жауапкершілігін қарауды талап етуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама