Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Қытай Starlink жүйесіне қарсы қорғаныс әзірлеуде: Ұлттық қауіпсіздікке қатер ме?

Қытай билігі Илон Масктың Starlink спутниктік байланыс жүйесіне қарсы қорғаныс механизмін әзірлеуге кіріскен.

Starlink жүйесі – АҚШ-та орналасқан SpaceX компаниясының жаһандық спутниктік интернет жобасы. Қытай оны ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп деп бағалап отыр. Ғалымдар мен сарапшылар бұл жүйеге қарсы түрлі қарсы шараларды қарастыруда, оның ішінде:

лазерлік қарулар арқылы жою немесе бұғаттау;

арнайы қарсы спутниктерді орбитаға шығару;

Starlink логистикалық тізбектеріне кибершабуыл немесе диверсия жасау.


Starlink жүйесінің Украинадағы соғыс қимылдарында қолданылуы және Илон Масктың геосаяси процестерге араласуы Бейжіңнің алаңдаушылығын арттыра түсті. Қазірдің өзінде бұл спутниктік жүйе мыңдаған спутник арқылы интернет байланысын қамтамасыз етіп отыр және Азия мен Африка нарықтарына белсенді түрде еніп келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Starlink жүйесінің Қазақстан нарығына да шығатыны туралы ақпарат тараған. Бұл жағдай Қытай үшін стратегиялық маңызы бар өңірлердегі ақпараттық тәуелсіздік пен ғарыштағы үстемдікке байланысты алаңдаушылықты тудырып отыр.

Бейжіңнің бұл қадамы – ғарыштағы геосаяси күрестің жаңа кезеңіне аяқ басқанын білдіреді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама