
- 25 мау. 2025 14:24
- 25
Шерзат ісі: Көптеген сотталғандар үкімге қарсы шағымданды
Шерзат Нұртаевқа қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылғандардың көбі апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы қорғаушы Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Оның айтуынша, 21 маусымда шыққан сот шешімінен кейін сотталушылардың үкімді алған күнінен бастап 15 күн ішінде шағымдануға заңды мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан өзгесі – сотталғандардың барлығы немесе олардың адвокаттары апелляциялық инстанцияға жүгінген.