Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
«Иіскеуім керек» дауы: Наркенже Серікбаева мен филармония басшысы татуласты

Әлеуметтік желіде шулы мәлімдемесімен ел назарын аудартқан Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Наркенже Серікбаева филармония директоры Ғалымжан Ерназаровпен татуласқанын мәлімдеді.

Серікбаеваның айтуынша, арнайы комиссия құрылып, тараптар бір-біріне түсіністікпен қарап, кешірім сұрасқан.

> «Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рахмет! Бүгін мекемеге келіп, әкімшіліктің ұйымдастыруымен Ғалымжан Ерназаров екеуміз мәмілеге келдік. Бір-бірімізді кешірдік», – деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Филармония директорының сөзінше, жағдайға байланысты ресми комиссия келіп, екі тараптың шағымын қарастырған.

Еске салайық, бұған дейін Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде мекеме басшысының өзін «иіскеуге» мәжбүрлегенін, моральдық қысым көрсеткенін мәлімдеп, қоғамның қызу талқысына ұшыраған еді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама