Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 28 минут бұрын)
ШЕРЗАТ ІСІ: НҰРЫМОВТАР ӘУЛЕТІ 600 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТТІ

Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұмның жақындарына төленуі тиіс моральдық және материалдық өтемақы мөлшерін жария етті. Бұл туралы Инфохаб жазады.

Адвокаттың айтуынша, негізгі өтемақы талаптары сотталушылар Шынасыл Абзал мен Равиль Сәкиевке қатысты.

Атап айтқанда, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов баласының жерлеу рәсіміне кеткен шығын үшін Абзал Шынасылдан 2 млн 794 мың теңге өндіріп беруді сұраған. Бұдан бөлек, моральдық зиян үшін төмендегі сомалар талап етілді:

  • Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен – әрқайсысынан 50 млн теңгеден, жалпы 100 млн теңге;
  • Анасы Гүлбара Бейшембиеваға – 100 млн теңге;
  • Әжесі Жұмабике Қадыроваға – 100 млн теңге.

Сондай-ақ, Шыңғыс Белқожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ильясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрболат Тоқтаубаев және Дидар Қалиахметтен марқұмның туыстары әрқайсысынан 20 млн теңгеден өндіріп алуды талап етті. Бұл – Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 120 млн теңге, сондай-ақ анасы мен әжесіне де дәл осындай көлемде өтемақы сұралды.

Адвокаттың мәлімдеуінше, өтемақы сомасы психолог мамандар жүргізген зерттеу нәтижесі негізінде анықталған. Жерлеу рәсіміне жұмсалған шығынды дәлелдейтін түбіртектер сотқа ұсынылған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама