
- 29 мам. 2025 17:11
- 43
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ТАРИФТЕРІ НЕГЕ ӨСТІ? – МИНИСТР ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
Қазақстанда ұялы байланыс қызметі айтарлықтай қымбаттады. Кейбір операторлар тарифтерді бірден екі есеге, яғни 3 мыңнан 6 мың теңгеге дейін көтерген. Жағдайға қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, бағаның өсуі орынды құбылыс.
«Бағаның біртіндеп өсуі орынды. Себебі инфляция бар, әрі компаниялар өз желілерін дамыту үшін қомақты инвестиция құюда. Ең маңыздысы – баға бойынша операторлар арасында заңсыз келісімдердің болмауы», – деді Жасұлан Мәдиев.
Сонымен қатар, министр интернет-трафик құны – атап айтқанда 1 гигабайт бағасы төмендегенін де айтты.
Тарифтердегі өзгеріс барлық абоненттерге бірдей әсер етіп отыр.
Айта кетейік, соңғы уақытта халық тарапынан ұялы байланыс пен интернет қызметінің тым қымбаттағанына байланысты шағымдар көбейген.