Шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға шешендік сөздер туралы жалпы мағлұмат беру, шешендік сөздердің қазіргі кездегі түрлерімен, би, шешен бабаларымыздың өсиет, ақыл, нақыл сөздерімен таныстыру;
ә) оқушылардың топ алдында мәнерлі, көркем сөйлеу тілін қалыптастыру, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;
б) елін, жерін сүюге, ана тіліне жанашыр болуға баулу, өмірде адал, еңбекқор, мәдениетті болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың өтілу тәсілі: пікірталас
Сабақтың өтілу әдістері: түртіп алу, топтастыру, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі: слайд, кесте, портреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
а) амандасу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылардың бүгінгі міндеттерімен таныстыру:
1. жақтаушылар
2. даттаушылар
3. хатшы
4. білгірлер
5. төрешілер
ІІ Жаңа сабақ.
- Бүгін біз ерекше сабақ өткелі отырмыз. Қазір сендер сабақта емес пікірталас, дебат алаңында отырмыз деп ойлаңдар. Қалай ойлайсыңдар, дебат деген не? Пікірталас дегенде көз алдарына не елестейді? ( жақтаушы, даттаушы топтар, пікірсайыс, сөз талас т. б)
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Ал осындай топта, көптің алдына шығып сөйлеу үшін сөйлеуші қандай болу керек? ( сөзге шешен, тапқыр, ақылды болу керек )
- Бүгінгі біздің өтейін деп отырған тақырыбымыз да сол шешендік сөздерге арналмақ.
Шешендік сөздер – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. Шешендік өнер айтыс - тартыста дамитын болғандықтан, ел тағдыры талқыланатын парламент сарайлары, сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болып саналады.
Ерте замандағы әлемге әйгілі Афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент мүшелері болған. ХІХ - ХХғ. ғ орыс шешендері А. И. Урусов, А. Ф. Кони, Ф. Н. Плевако заң қызметкерлері болған екен. Сол сияқты, қазақ шешендері Әлібекұлы Төле би, Келдібекұлы Қазыбек, Байбекұлы Әйтеке, Сырым Датұлы т. б – қауым ішіндегі дау - жанжалдарды реттеп, ел басқару ісіне араласқан. Шешендер – ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылататын, жылағанды жұбататын даналық сөздер иесі.
Сөз құдіреті туралы Бөлтірік шешен: « Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет» деген. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:
... Көш бастау қиын емес –
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес –
Шабатын жерде жау бар.
Шаршы топта сөз бастау қиын –
Шешімін таппас дау бар,- деп тегін айтпаса керек.
Қазақтың дәстүрлі шешендік өнерін мынадай 3 топқа бөлеміз:
1) Шешендік толғау – халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді.
2) Шешендік арнау – адамдар арасындағы қарым - қатынасты білдіреді.
3) Шешендік дау – даулы мәселелерді реттеуде айтылады.
Шешендік сөздерді жинап, зерттеушілердің бірі академик, ғалым В. В. Радлов: «Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындыра алады» деген. Ал қазақтардың арасында шешендік сөздерді алғаш жинап, жариялаған – Ы. Алтынсарин болса, ғылыми тұрғыда зерттеп, жинаған – М. Әуезов.
ІІІ Сабақты бекіту
1. Қазіргі кездегі шешендік өнер туралы бізге білгірлер тобы ғылыми ақпараттарды пайдаланып түсіндіреді.
2. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» деген мақалдың мағынасын ашу. Жақтаушылар тобы мақалда айтылған оймен келіседі. Даттаушылар тобы мақалда айтылған оймен келіспейді.
3. Төрешілер тобы жақтаушылар тобы мен даттаушылар тобы дайын болғанша сөз өнеріне қатысты білетін мақал - мәтелдер тауып отырады. Сосын екі топтың айтқан маңызды пікірлерін түртіп алып, сарапқа салады.
4. Хатшы Бүгінгі сабақта айтылған нәрселерді түгел түртіп алып отырады.
Дәптермен жұмыс
«Менің ойымша...» Мөңке бидің жауабы: Алыс – ақыл, жақын – ашу.
Қымбат – сауап, арзан – күнә.
Оңай – ақыл айту, қиын – орындау.
- Ал сендердің ойларыңша алыс не, жақын не, қымбат не, арзан не, оңай не, қиын не?
Шешенге қойылатын негізгі талаптар:
• тілдік қабілет
• білімділік
• шыншылдық
• сөйлейтін мәселесін анық білу
• жинақылық
• аңғарымпаздық
ІҮ Сабақты қорытындылау
Тақтадағы ағаштың суреті арқылы түсіндіру.
1. Мынау – ағаштың түбірі. Шешендіктің тамыры тереңде жатыр. Сонымен, қандай шешендерді білесіңдер? (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би, Абай т. б )
2. Мынау - ағаштың діңі. Шешендіктің діңі мықты болу үшін біз не істеуіміз керек? (Көп оқу, тәрбиелі, ақылды, тапқыр, сөзге шешен болуымыз керек)
3. Мынау – ағаштың жемісі. Шешендіктің жемісін біз қай уақытта көреміз. (Айтылған сөз санамызға жеткенде)
Ү Бағалау. Оқушылар өздерін бағалау парақшасы арқылы бағалайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1) Шешендік сөздер туралы оқу;
2) « Егерде мен Елбасы болсам...» (эссе жазу)