- 15 нау. 2021 00:00
- 156
Ш.Құдайбердіұлының “Еңлік-Кебек” поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдау
Шәкәрім Құдайбердіұлы – әдебиетіміздің алтын қорына өзінің асыл мұраларын қалдырып кеткен қаламгердің бірі. Ел арасындағы аңыздрға негіздеі отырып, “Еңлік – Кебек ” поэмасын жазып қалдырды. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұл дастанының өзектілігі неде? Менің ойымша, рулық тартыс кезінде болған бұл оқиға қазақ халқының салт – дәстүрінің беріктігін дәлелдейтін туындыға негіз болған. Поэмадағы бас кейіпкер – Еңлік қыз. Еңліктің қазақ қызына кереғар мінезі дастанның қай тұстарынан көрінеді?
Біріншіден, Еңліктің қазақ қызына кереғар мінезі үйге келген танымайтын қонаққа сыр білдіргені, қонаққа өз төсегін дайындағаны қазақ қызының бойына жат қылық деп есептеймін. Оны мына өлен жолдарынан байқауға болады:
“Күлімсіреп қыз айтты Кебек ерге:
«Қонағым, неге тұрсың құр бекерге.
Мен сізге өз төсегім дайындадым,
Бұрын жатқан жоқ па едің ондай жерге?»
Екіншіден, Еңліктің қазақ қызына кереғар мінезі Кебекке ол көрсеқызар, жеңілқой қыз болып көрінуінен де байқалады.Бірақ, бұл мінезін Еңліктің өзі басындағы ауыр мұңын айтып, жуып шайғандай болады. Еңліктің:
“Ей, батыр, сен жатырсың,ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай”,- деп жігітке өзінің бірінші болып тіл қатуы қыз балаға тән ұяңдықты жоқ етіп тұрғандай.
Еңліктің бұл қылықтарын басындағы ауыр мұңынан деп ақтағанмен де, әке мен ана тәрбиесін көрген қазақ қызы арына, дақ түсіріп тұрғандай көрінеді маған. Сондықтан да, өз басым Еңліктің бұл жат қылықтарын қолдамаймын.
Қорытындылай келе, дастанда Еңліктің қазақ қызына кереңар жат мінездері көп жерінен байқалатынын айтқым келеді.Қазақтың қызы әкесінің рұқсатынсыз жігітпен сөйлеспеген. Қазақ қызы атастырылған жары бола тұра, жігітке өз сезімін бірінші болып білдірмеген. Қазіргі қоғамда қазақ қыздардың оғаш қылықтарын көрген кездежаным ауырады. Әрине, бұл поэмада Еңлік еріксіз, амалсыздан басқа жігітке атастырылғандықтан, Кебекке өзі бірінші сөз айтады. Алайда Еңліктің бұл әрекеті – жөнсіз әрекет. Қиындыққа душар болса да, салтты ұмытпауы керек еді...
Ата – бабамыз: “Қызға қырық үйден тыю”,- деген. Олай болса, дәстүрді сақтап, қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіре білу – басты парызымыз.
У. М. Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Борашева Ләззат, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетінің 1-курс студенті