
- 22 сәу. 2025 00:28
- 21
Шымкент қала әкімінің орынбасарына оқ атқан күдікті ұсталды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қарулы шабуыл салдарынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы туралы нақты ақпарат берілмеді. Бұл оқиға жөнінде Infohub.kz тілшісі хабарлады.
Белгілі журналист Михаил Козачковтың айтуынша, шенеунікке оқ атқан күдікті оқиға орнында қолға түскен. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталып кеткен. Шымкент қалалық полиция департаментіне ресми сұраныс жолданды, алайда әзірге құқық қорғау органдары түсініктеме берген жоқ.
Тиісті мәліметтер ресми көздерден нақтыланған соң қосымша ақпарат жарияланатын болады.