
- 04 мау. 2025 09:47
- 39
Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер 5 тәулікке қамалды
Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер 5 тәулікке қамалды,деп хабарлайды Инфохаб тілшісі.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттің "Тұран-2" ықшамауданындағы "Жаңалық" сауда үйі маңында өткен тегін балмұздақ тарату шарасы тәртіп бұзушылықпен аяқталды.
Акция барысында адамдар балмұздақ үшін таласып, қоғамдық тәртіп бұзылған. Жиналған жұрт балмұздақ лақтырып, айқай-шуға себеп болған.
Полиция мәліметінше, шараны ұйымдастырған кәсіпкерге 50 айлық есептік көрсеткіш (196 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды және ол ұсақ бұзақылық бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.