- 30 сәу. 2019 00:00
- 219
Тарихи жауаптар: былай депті
Ел аузында «пәленше былай депті» деген сөздер аз емес. Сол тарихи жауаптардың кейбірін ұсынамыз:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді...
Төле би Әлібекұлы
Анахарс бірде: «Қызық екен, Элладада жарысқа өңшең жақсы мен жампоз түседі де, төрелігін қайдағы бір дәрменсіздер береді екен!» — деп таңданыпты.
* * * *
Құлақтарының үлкендігімен танымал болған Галилеоға біреу былай деп сұрақ қойыпты:
— Құлақтарыңыз адам үшін үлкендеу емес пе?
Сонда Галилео:
— Менің құлақтарым адам үшін үлкендеу болуы мүмкін, бірақ сенің құлақтарың есек үшін тым кішкентай емес пе? деп жауап жауап берген екен.
* * * *
Бір философтан «Сіз сәттілікке сенесіз бе?» деп сұралғанда философ: Иә, әйтпесе жақсы көрмейтін адамдарымның жетістіктерін қалай түсіндірер едім, — деп жауап берген екен.
* * * *
«Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші болатын не?» деген сұраққа Анахарс: «Тіл!», — деп жауап берген екен.
* * * *
Франция үкімет мүшелерінің бірі саусағын картаның үстінде жүргізіп: «Ең бірінші осы жерді жаулап алуыңыз керек еді, сосын басқа жерлерді жаулай беретін едіңіз» деп Наполеонға сын айта бастайды. Сонда Наполеон: «Иә, оларды саусақпен жаулап ала беру мүмкін болғанда айтқаныңыздай істер едім» деген екен.
* * * *
Наполеон соғыста Испанияны жеңеді. Жеңілген Испанияның патшасы:
— Сендер тек ақша мен мал-мүлік үшін соғысасыңдар, ал біз намысымыз, абыройымыз үшін соғысамыз, — дейді.
Сонда Наполеон:
— Иә, дұрыс, адамдар өзінде несі кем болса сол үшін соғысады, деген екен.
* * * *
Сократ өлім жазасына кесілгенде әйелі: «Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!» деп жылай бастайды. Сократ оған: «Сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді» деп жауап беріпті.
* * * *
Сұлтан Алпарслан 27 мың әскерлерімен Византия топырақтарында ілгерілеп келе жатқанда барлауға жіберген әскерлерінің біреуі алдына келіп, үреймен: «300 мың адамдық дұшпан әскері бізге жақындап келеді.» дегенде Алпарслан: «Біз де оларға жақындап келеміз» деген екен.
* * * *
Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бишараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.
* * * *
Фатих Сұлтан Мехмет ханнан сұрапты:
— Стамбұлды не үшін жаулап алдың?
Фатих Сұлтан:
— Әуелі ол менің жүрегімді жаулап алды, кейін мен оны жаулап алдым, — дейді.
* * * *
Явуз Сұлтан Сәлім хан басқа да Осман патшалары секілді жорыққа аттанатын жерлерін құпия ұстайды екен. Бірде жорыққа шығарда уәзірлерінің біреуі қай өлкеге бара жатқанын қоярда-қоймай сұрайды. Явуз Сұлтан оған: «Сен сыр сақтауды білесің бе?» дейді. Уәзірі: «Әлбетте әміршім, білемін» дегенінде сұлтан: «Мен де білемін» деп жауап беріпті.
* * * *
Бір жиналыста бір жас жігіт түрік ақыны Мехмет Акифты кемсіту үшін: «Кешіріңіз, сіз ветеринарсыз ба?» деп сұрағанында, Акиф еш қынжылмастан: «Иә, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деген екен.