Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
TikTok-та танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кетті

 

TikTok-тағы танымалдылығымен елге танылған Алматы облысындағы мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында:

 «Бәрін тоқтаттым. Мектеп, әлеуметтік желі»
– деп жазды.

 

Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін Димаш Құдайбергеннің «Тау ішінде» әніне түсірілген бейнеролигімен TikTok-тағы челленжге қатысып, 3,1 миллион қаралым жинаған. Осы жетістігі оған Лондонда өтетін концертке жолдама сыйлаған. Әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, оқушылармен бейресми форматта кездесулер өткізіп, түрлі жобаларды жүзеге асырған.

Алайда бұл әрекеттер қоғам тарапынан екіұшты пікір тудырды. Желі қолданушыларының бір бөлігі оны «балаларға жақын, жаңашыл директор» деп қолдаса, енді бірі «мектепке шоу емес, тәрбие мен білім керек» деп қарсы пікір білдірді.

Кейбір қолданушылар Ақмоншақ Нұртазаның мұндай шешім қабылдауына қоғамдық қысым себеп болуы мүмкін екенін болжауда:

«Қысым болғаны анық, тез сынатын қыз емес еді»,
«Бұл Қазақстанға бұндай директорлар жақпайды»,
деген пікірлер жиі айтылуда.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама