Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Той-думан салығына Жұманғарин неге қадам жасамады?

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанат салығын енгізу мәселесі төңірегінде пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін алдымен сән-салтанаттың нақты анықтамасын жасап алу қажет.

"Қазіргі қолданыстағы салық жүйесіне қарасақ, сән-салтанатқа жататын дүниелерге белгілі бір мөлшерде салық салынып отыр. Мысалы, егер жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асса, оның иесі жылына 3 миллион теңге базалық салық төлейді. Бұған қоса, бұл сомадан артық әр теңгеден 2% салық ұсталмақ. Құны 75 миллион теңгеден жоғары көліктерге де жоғарылатылған салық қарастырылған. Қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне де қосымша алымдар бар. Бұдан бөлек тағы не сән-салтанат деп саналады? Өзім де нақты білмеймін," – деді министр.

Жұманғариннің бұл пікірі сән-салтанат салығын енгізу әзірге нақтыланбағанын көрсетеді. Байлыққа салық салу идеясы бұрыннан талқыланып келе жатқанымен, оның нақты шекарасын белгілеу қиындық тудырып отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама