Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Тоқаев: “Біз тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет”

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шарада тарихи жады мен болашақ бағдар жөнінде маңызды мәлімдеме жасады.

“Бүгінгі ахуалға өткеннің өлшемімен қарап, үнемі кешегі күнмен өмір сүруге болмайды. Біз тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет. Өткенге жалтақтау – әлсіздіктің белгісі”, – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолында бастан өткерген сынақтары мен тарихи сабақтарға тоқталып, алға қарай нық қадам басу керектігін баса айтты.

“Тарихқа кең ауқымда қарау керек. Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Жалпыұлттық бірлікті сақтау, мемлекеттікті нығайту – басты міндет. Өткенді ұмытпай, тарихқа құрметпен қарау – дұрыс, бірақ біздің бағытымыз – болашақ”, – деді Тоқаев.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама