
- 17 мау. 2025 14:25
- 58
Тоқаев Қытайға 1,5 мың ақбөкен сыйға тартпақ : Си Цзиньпин алғыс айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1,5 мың ақбөкен сыйға тартпақшы,деп хабарлайды Инфохаб тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына 1,5 мың ақбөкенді (киік) сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Бұл ақпаратты Ақорда Azattyq Rýhy редакциясына ресми түрде растады.
Мемлекет басшысының шешімі көрші елдегі сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіруге бағытталған. Киіктер Қытайдың батыс бөлігін мекендемек. Бұл – табиғатты сақтау мен биологиялық әртүрлілікті қорғау бағытында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа қадамы.
"Қытай Төрағасы Си Цзиньпин бұл қадам үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар қабылданатынын жеткізді", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, киіктер – Қазақстан даласының бірегей символы, ал соңғы жылдары олардың саны қайта қалпына келіп, елде табиғи тепе-теңдікті сақтауда ерекше рөл атқаруда.