
- 05 мам. 2025 14:05
- 27
Трамп шетел фильмдеріне 100% баж салығын енгізуді тапсырды
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп шетелдік фильмдерге 100 пайыздық баж салығын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Truth Social парақшасында жазды.
Трамптың айтуынша, АҚШ-тағы отандық киноөндіріс құлдырау алдында тұр, ал шетелдік өнімдер нарықтан үлкен үлес алып келеді. Сондықтан, ол Голливудты қолдау мақсатында шетел фильмдеріне қатысты жаңа салық саясатын енгізуді тапсырғанын айтты.
«Біз өз мәдениетіміз бен шығармашылығымызды қорғай білуіміз керек. Біздің кинематография — ұлттық қазына, оны сыртқы ықпалдан сақтау қажет», — деді Трамп Truth Social желісіндегі жазбасында.
Аталған бастама АҚШ-тағы фильм нарығына үлкен өзгеріс енгізуі мүмкін. Сарапшылар бұл қадам шетелдік өнімдердің бағасын күрт өсіруі ықтимал екенін алға тартуда.