Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
«Қан, оқ және кілт»: Шерзат Полаттың өліміне қатысты куәгерлер оқиға орнынан не көргенін айтты

Талдықорған қаласында өтіп жатқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесінде куәгерлер оқиғаның жай-жапсары туралы маңызды деректермен бөлісті. Сотта жауап берген куәлардың бірі Данияр Жанболатұлы оқиға орнына келген кезде жерде қан, оқ және кілт жатқанын көргенін айтты.

"Біз сол жерге жеткенде көршілеріміздің бірі ештеңеге тимеңдер деді. Полиция келген кезде оқ пен кілт сол жерде жатты. Оның кімнің қолына түскенін көрмедім", — деді Данияр Жанболатұлы сот отырысында.

Бұл деректер қанды оқиғаның мән-жайын ашуда маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қазір сот процесі жалғасып жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама