Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Тыныш тұр, әйтпесе сені де өлтіремін"Сот отырысында Шерзаттың анасы ұлының қазасы туралы айтты

Сот отырысында Шерзаттың анасы ұлының қазасы туралы айтып берді. Оның сөзінше, оқиға кезінде Шерзат: "Мам, мына жағымды көрші бірдеңе тықты", – деген. Анасы ұлының сол жағына пышақ сұғылғанын көрген.

– Сол сәтте Нұрқиястың қолында мылтық болды. Олар әуелі Нұрқанатты ұрып, кейін Шерзатқа келді. Нұрқияс мылтықпен бір ұрғанда, қолымды тосқан едім – мылтық менің қолыма тиді. Сол кезде ол маған "Тыныш тұр, әйтпесе сені де өлтіремін", – деп айтты, – дейді марқұмның анасы.

Бишембаеваның айтуынша, сотталушылар Шерзаттың аузынан қан шығып жатқанына қарамастан оны басынан пышақпен ұрып, тепкілеген.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама