
- 30 мау. 2025 09:01
- 29
Түрмедегі Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы күрт нашарлады – адвокат
Қамауда отырғанына бір жылға жуықтаған журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы күрт нашарлағаны белгілі болды. Бұл туралы оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, Думан соңғы рет 19 сәуірде түрме киімін кимегені үшін Қызылордадағы №60 мекемеде тәртіптік изоляторға (карцерге) 4 айға қамалған. Қазір оның денсаулығы емделмей қалатындай жағдайда.
– Жамбасында ет қалмаған. Укол салуға мүмкіндік жоқ. Дәрі іше алмайды. Өзі «шал болдым, отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын» дейді. Түрме әкімшілігі 30 маусымда ауруханаға апарамыз деп уәде берді, – дейді адвокат Ғалым Нұрпейісов.
Журналисттің анасы да баласының тағдырына алаңдаулы екенін айтып, "карцерде ұлымның қу жаны қалды ма, білмеймін" деп мәлімдеді.
Еске салайық, Думан Мұхаммедкәрім 2023 жылы қамауға алынып, кейін Қызылордадағы қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылған болатын. Құқық қорғаушылар оның ісін саяси қудалау деп бағалап отыр.
Инфохаб алдағы уақытта бұл мәселені назарда ұстайды.