Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
"Болды, бәрін тоқтаттым": Төреғали Төреәлі сахнадан кететінін мәлімдеді

 

Атышулы әнші Төреғали Төреәлі өнер жолын доғаратынын хабарлады. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында қысқа әрі нық мәлімдеме жариялаған.

 “Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз”, – деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлі – соңғы жылдары түрлі даулы оқиғалармен жиі көзге түсіп, халықтың назарынан түспеген шоу-бизнес өкілдерінің бірі. Оның сахнадан кету туралы шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама