Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үш таңбалы сандарды қосу және азайту 246 - 376; 625+376
Пәні: математика
Сыныбы: 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту
246 - 376; 625+376;
Сабақтың мақсаты:
1. Сандарды және сәйкес шамаларды жазбаша қоса және азайта білуге, теңдеу шеше білуге үйрету.
2. Есептер шығара отырып оқушылардың қызығушылығын, оқу, ойын ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты сүюге, оны қорғауға, құстарға қамқорлық көрсетуге бау – бақшаны күтіп баптауға ұқыпты, инабатты болуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, қайталау, сұрақ - жауап, ойын әңгімелеу, жинақтау.
Көрнекілігі:
1”. Бау - бақша”
2.”Ұя жасау”
3. “ Ағаш отырғызу”
4. “Жұмыртқа”
Ойындарына қажетті заттар.
Ақ әже, үлестірмелі қағаздар.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А ) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ә) Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Көктем айларын атаңдаршы.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Ендеше, балалар, қазір біз сендермен математика сабағын бастаймыз.
- Бүгін біздің сабағымызға қонаққа Ақ әже және көптеген ұстаздар келіп отыр
- Бәріміз орнымыздан тұрып амандасайық,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Кім айтады?
- Балалар, біздің сабағымыз әрі ойын, әрі жарыс түрінде өтеді.
Үш қатар жарысқа түсеміз. Оны мына Тай жарысы арқылы білеміз.
№6 - есеп 187 - бет
- Есептің жауабын кім оқиды?
- Үйге берілген тапсырманы тексеріп, бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін бізде Ақ әже қонақта. Ол кісі бізден көмек сұрап келіпті. Көмек көрсетеміз бе?
- Иә
- Кәне, бәріміз әжейге көмектесейік.
- Біз еңбекқор, ұқыпты балалармыз.
Енді соңымызды дәлелдеп көрейік
1 - тапсырма: Ақ әженің бау - бақшасына жемістерді отырғызу керек. Ойын Бау бақшада деп аталады.
Шарты: Жемістердің артындағы тапсырманы орындап, бақшаға отырғызу.
1. 249 +376 =
2. 625 – 376 =
3. 412+ 279 =
4. 243+526 =
5. 769 - 526 =
6. 169 - 126 =
7. 815 - 215 =
8. 505 - 205 =

Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы,
Жангелдин орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Естайлақова Лена Аусабитқызы

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама