Заманауи қазақ мәдениетінің технология жағынан даму жобасы
Философия және Саясаттану факультетінің
Дінтану және Мәдениеттану кафедрасының 2 курс студенті Бекұлы Диас
Жетекші: аға оқытушы Кудерина А. Н
Ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткеніндей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және технологиялық салада лидер болу. Технологиялық жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылымитехникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер жаңа технологияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және технологиялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік технологиялық саясат – технологиялық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Сондықтан да, шетел технологиясы мен техникасын игерумен қатар, өз ұлттық ғылыми-техникалық потенциалымыздың дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз қажет. Бұл мақалада қарастырылатын болашағы бар жобалардың бірі Digital Kazakhstan.
Digital Kazakhstan жобасы – бұл Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бағдарлама.
Бағдарлама жобаларының бағыттары: Ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту.
Қазақстандықтарға интернетке және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кең жолақты қолжетімділік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту.
Онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді.
Электрондық коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау.
2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландырылатын «Мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті» атты бұл жоба мұғалімдердің кәсіби тұрғыда цифрлық білім беру ортасы мен білім берудің цифрлық контенттерін құру дайындығын, цифрлық технологияларға негізделген білім беру технологияларын кешенді іске асыру мен желілік коммуникативтік дағдыларды жетілдіруді, ақпараттық құқық және ақпараттық қауіпсіздік бойынша білімдерді қамтитын цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыруды көздейді.
Жоба аясында жоғарыда аталған проблемалардың шешілуі. Ғаламдық білім қоғамына қадам басқан қоғамның өз деңгейінде дамуына ықпал етеді. Цифрлық технологиялар арқылы мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру бағытында жүргізілетін зерттеулер отандық педагогика ғылымының деңгейін жоғарылатып, білім беру мен тәрбие ісінің деңгейін көтеруге ықпал етеді.Жобаның мақсатты аудиториясы Түркістан облысы бойынша мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлерін қамтиды.
Жоба мақсаты: Цифрлық білім беру ортасын және білім беру цифрлық контентін құруға дайындықты, цифрлық технологияларға негізделген білім беру технологияларын кешенді іске асыруды, желілік коммуникациялық дағдыларды және ақпараттық құқық пен ақпараттық қауіпсіздік туралы білімді жетілдіруді қамтитын мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыра отырып, адами капиталды дамыту.
Нәтижелерді қорытындылай келе, әр түрлі бағдарламалық аналогтардың артықшылықтарын қолданылып, қосымша функцияларды пайдалана отырып, цифрлық білім беру ортасы мен білім берудің цифрлық контенттерін құру дайындығын, цифрлық технологияларға негізделген білім беру технологияларын кешенді іске асыру мен желілік коммуникативтік дағдыларды жетілдірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді деп қорытынды жасауға болады. Жобаланған жүйені онлайн жұмыс жасауға арналған орталықтандырылған электрондық ағынды жүйені қажет ететін әртүрлі ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңай жазуға болады. Бұл жүйе келешекте тағы да жаңа деректермен толықтырылады және бұл жүйе тек қана Қазақстандық мұғалімдер үшін емес, дүниежүзілік мұғалімдерге де пайдаға асады деген үміт бар.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Ғылым Комитеті қаржыландырды («Мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті»).