Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 минут бұрын)
Заңгер: «Адал еңбекпен отбасын асырағысы келетіндер мемлекеттік қызметке бармайды»

 

Заңгер Ержан Есімханов мемлекеттік қызмет пен жекеменшік сектордағы жалақы айырмашылығын сынап, бұл фактордың мемлекеттік аппаратқа сапалы кадрлардың келуіне кедергі болып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте 10 жылдан астам еңбек өтілі бар маман жекеменшік сектордағы әріптесіне қарағанда 2–3 есе төмен жалақы алады. Ал 15–20 жылдық тәжірибесі бар әкімдер мен министрлердің 2 миллион теңге көлеміндегі жалақысы көпшілік тарапынан жиі сынға ұшырайды.

– Жекеменшік секторда дәл сондай маман 5–6 есе жоғары жалақы алады. Отбасын асырап, адал еңбегімен табыс тапқысы келетін азаматтар мемлекеттік қызметтен қашқақтайды. Бұл адами капиталдың сапасына тікелей әсер етіп отыр, – дейді заңгер.

Маманның пікірінше, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттырмайынша, бұл салада кадр тапшылығы мен кәсіби деңгейдің төмендеуі жалғаса береді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама