
- 11 мам. 2025 21:24
- 26
Зеленский Путиннің келіссөз өткізу ұсынысына жауап берді
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің екі ел арасындағы қақтығысты реттеу үшін келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысына жауап берді. Бұл туралы ол өзінің барлық ресми әлеуметтік желілерінде жазба жариялады.
Зеленский келіссөздер туралы ұсынысты «жақсы жаңалық» деп бағалап, алдағы оқиғалардан үміт күтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл сәтті бүкіл әлем ұзақ күтті және кез келген соғысты тоқтатудың алғашқы нақты қадамы — атысты тоқтату.
«Ресей ертең, 12 мамырдан бастап атысты толық, ұзақ мерзімді және сенімді түрде тоқтататынын растайды деп күтеміз. Украина кездесуге дайын», – деп мәлімдеді Украина көшбасшысы.