
- 03 мам. 2025 22:39
- 43
Зеленский Путиннің 9 мамырға орай бітім ұсынысын қабылдамады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Жеңіс күніне (9 мамыр) орай бітім жариялау жөніндегі ұсынысын қабылдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистермен кездесуде айтты.
Зеленскийдің айтуынша, мұндай қысқа мерзімді бітім – "үлкен театр қойылымына" ұқсайды. Оның орнына Украина басшысы атысты 30 күнге тоқтатуды ұсынды.
“Үш, бес немесе жеті күн ішінде ешқандай нақты келісімге келу мүмкін емес. Сондықтан атысты 30 күнге тоқтату қажет”, – деді ол.
Зеленский Ресейдің ұсынысын саяси манипуляция ретінде бағалады және шынайы келіссөзге тек шынайы қадамдар арқылы келуге болатынын айтты.