- 27 қаз. 2020 00:00
- 311
60 жасқа толған апайға (әпкеге) құттықтау
Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз. Ата–бабамыздан қалған қара шаңыраққа Қаратаудай қорғансыз. Інілеріңіз бен сіңлілеріңізге Алатаудай қамқорсыз. Қадірлі әпке! Алдыңыздағы алпыстың асуындай шаршап-шалдықпаңыз! Жетпісті желіп, сексенді секіріп, тоқсанға тоқтамай, жүзге жетіңіз! Ағайын-туыстарыңыз бен бауырларыңыздың құрметіне бөленіп, отбасыңыздың ортасында толған айдай жарқырап отыра беріңіз! Сол үшін де Сізге Аллаһ тағаламыз зор денсаулық бергей!
*** *** *** ***