- 05 нау. 2024 03:24
- 179
Адамгершілік - асыл қазына
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - асыл қазына.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Тәрбиелік міндеті: адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, көрсету, сұрақ
жауап әдістері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі.
2. Әнұранды салтанатты түрде орындау
3. Оқушымен сұрақ – жауап
4. Үйге тапсырма беру.
Дүниенің ең асылы, бағалысы – Адам болып саналады десек, сол асылдың бойындағы ең басты, шешуші қасиеттері неден тұрады деген сауалға бүгінгі тәрбие сағатымызда жауап береміз. Қай заманда болсын өмірден түйгендері мол адамдар ұрпақтарына үлкенді сыйлау, оларға ілтипат көрсету, қамқорлық жасау жөнінде өсиет қалдырып отырған. Балалар, «Үлкенге сый – құрмет, кішіге жол көрсет» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не?
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы – екі қарама – қарсы нәрседен тұрады. Ақ – қара, күн – түн, ыстық – суық, жақсы – жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
Адамның ішінде болмайды аласы,
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
Шәкәрім
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар – ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамгершілік осы жүректен туындайды.
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т. б көптеген сапалар кездеседі.
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек дейді 38 – сөзінде - әуелі – надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білемін», - деп, бұл үшеуімен аяусыз күресті де, оларды жоюдың емі – ғылымды, адал еңбекті, адамгершілікті атап, өзінің шығармашылығында осы үшеуін дәріптеп, өсиет етті және бұл үшеуінің жасампаздық күшіне сенді.
«Бес асыл іс» - адамгершілік – Абай ұсынған этикалық әдеп нормалары. Адамзат қоғамы тарихында – жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жоғынан өсіп – жетіліп, толық адам болып қалыптасуы – күрделі мәселелердің бірі.
Адамгершілік - тұлғаның адамгершілік сана – сезімін, іс - әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал. Сондай – ақ тұлғаның ар – ожданын, танымдық қызығуларын кешенді дамытады. Адамгершілік – адамды сүюді және оның бостандығын, құқықтық қадір – қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік – тәрбие заман өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі, тәрбие – қоғамдық құбылыс.
Адамгершілік қасиеттің ең жоғарғы түрі – ұлт, ар – ожданды сақтау, отанын сүю.
Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, ұлтжандылық қасиеттерді қастерлеу. Азаматтық тәрбие сана сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып, саяси – идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке ұлтжандылыққа әкелуі қажет.
Қорыта келе, адамгершілік қасиеттің алтын қайнары үлкенге сый – құрмет, кішіге ізеттің не екенін білдік. Адамның әр күнгі іс – қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталса, ол нағыз адамгершілік. Адамгершілік - өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Ендеше, одан жаңылуға да жалығуда болмайды.