
- 12 шіл. 2025 12:45
- 28
Айырбастау пункттеріндегі валюта таблосы ғимарат ішіне орналастырылуы міндетті болады
Айырбастау пункттеріндегі валюта таблосы ғимарат ішіне орналастырылуы міндетті болады
1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық айырбастау пунктері валюта бағамдары көрсетілген электрондық таблоны ғимарат ішіне – касса маңына немесе ішкі қабырғаға орналастыруға міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Жаңа талапқа сәйкес, ақпараттық стенд енді сыртта емес, тек айырбастау пунктінің ішінде тұруы керек. Бұл бастама валюта нарығындағы алыпқашпа әңгімелердің алдын алу және алыпсатарлықты азайту үшін қолға алынған.
Ұлттық банк басшысының айтуынша, ереже бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Жауапкершілік мөлшері 3-тен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 11 796 теңгеден 19 660 теңгеге дейін болуы мүмкін.
Сүлейменов бұл талаптар заңмен реттелетінін, ал банктер мен айырбастау пункттері оны сөзсіз орындауы тиіс екенін ескертті.
Жаңа тәртіп күшіне енген соң, азаматтар валюта бағамын тек ғимарат ішінен көре алады.