Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Ұлттық қор мен резервтің бір бөлігі криптоиндустрияға салынуы мүмкін

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қорындағы қаражаттың бір бөлігін криптоиндустриямен байланысты қорларға инвестициялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, қор портфелінің бір бөлігі баламалы инвестицияларға арналған. Бұл бағытта тәуекелі жоғары болғанымен, табысы да соған сай болуы мүмкін қаржы құралдарына қаржы салу тәжірибесі бар.

— Біз бұл мүмкіндікті жоққа шығармаймыз. Бірақ бұл оңай шешім емес. Себебі криптовалюта нарығы өте құбылмалы. Сондықтан біз бұл мәселені жан-жақты зерттеп, асықпай әрекет етеміз, – деді Сүлейменов.

Осылайша, Ұлттық банк криптоқорлар арқылы табыс көзін әртараптандыруды қарастырып отыр. Алайда мамандар бұл қадам мұқият сараптауды қажет ететінін, мемлекеттік активтерді тәуекелге ұрындырмау маңызды екенін ескертіп отыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама